Алтай ауданында өртте бір адам қаза тапты
Алтай ауданында өртенген үйден әйел адамның мәйіті табылды.
Оқиға 2 сәуірде болды. Западная көшесінің бойындағы үйлердің бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жеке тұрғын үй, сондай-ақ шаруашылық ғимаратының ағаш конструкциялары өртенген екен.
Өртті сөндіру үшін 10 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстары барысында жатын бөлмеден 90 жастағы қарт әйелдің мәйіті табылған. Құтқарушылар өртеніп жатқан үйдің ішінен аяқ-қолы күйіп қалған тағы бір әйелді алып шықты. Ол бірден ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз