KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 5 м/с, В
443.72 482.28 4.9

Күршімде жоғалған балалар аман-есен табылды

13.06.2023, 14:29 152 Ләззат Қанатқызы

12 маусым күні Күршім аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын жүгінді. Әйел адамның 2018 және 2010 жылғы 2 ұлы үйдің жанында ойнап жүріп жоғалып кеткен көрінеді.

Ата-анасы балаларын өз бетінше табуға тырысқанымен, одан еш нәтиже шықпаған, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Хабар ала салысымен Күршім аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы кәмелетке толмағандарды іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Іздеу шараларына полиция қызметкерлерінен бөлек көршілер мен ауыл тұрғындары да қатысты.

  "Арада 40 минут өткенде балалар үйден бір шақырым жерден аман-есен табылды. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды ата-анасына тапсырды. Олар да өз кезегінде көрсеткен көмегі үшін тәртіп сақшыларына алғысын білдірді", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау керектігін тағы бір рет еске салды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив