Марқакөлде қос пәтерлі 5 үй қолданысқа берілді
![](/kz/uploads/posts/iblock/1f9/1f9274d32e03e85b28c257381bb8972e.jpg)
14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің 30 жылдығына орай Марқакөл ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен салынған әлеуметтік маңызы бар қос пәтерлі 5 үй қолданысқа берілді.
Бой көтерген жаңа үйлердің кілтін көпбалалы отбасыларға аудан әкімі Дулат Қажанов табыстады. Әр үйдің көлемі 108 шаршы метрді құрайды. Замана талабына сай үйлер ыстық су, суық су, кәріз жүйесімен жабдықталған.
Шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Туған жерге – мың тағзым, тұлғалы жанға – бір тағзым» атты мерекелік концертпен жалғасты.
Ауданда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы іргелі істер, игілікті бастамалар алдағы жылдарда да жалғасын таба бермек.