Күршімде аудандық аналар форумы өтті
Күршімде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана –өмір шуағы» атты аудандық аналар форумы өтті.
Шара «Аналар кеңесі» және аудандық «Іскер әйелдер» кеңесінің ұйымдастыруымен Күршім аудандық Мәдениет үйінде өткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған шарада ұлттық қол өнер бұйымдарынан көрме, салт-дәстүрден көріністер көрсетіліп, форум соңы мерекелік концертке ұласты.
- Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі келе жатыр. Айтулы мерекеге орай ауданымызда тәрбиелік мәні бар, жас буынға үлгі боларлық форум болып өтті. Бүгінде елімізде отбасы құндылығына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Осындай іс-шаралардың арқасында анаға деген, отбасыға деген құрмет арта берері сөзсіз, - дейді Күршімдік әжелер.
Оқи отырыңыз