KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
444.14 477.05 4.85

Өскеменде велоспорттан ашық турнир өтеді

Фото: sportishka.com

14.06.2023, 20:11 980 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында велоспорттан ашық турнир өтеді.

Шараға барлық ниет білдірген ер адамдар қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қатысушылар 80 шақырым қашықтықты еңсеруі керек. Яғни жарыс жолын Шешек асуынан бастап, Сібе көлдеріне дейін жүріп өтуі керек.

– 18 жастан асқан ер адамдарға, әуесқойлар мен кәсіпқойларға қатысуға рұқсат етіледі. Тіркеу 30 маусымға дейін жалғасады. Жарысқа қатысушыларда велошлемдер, жарысқа қатысуға рұқсаты бар медициналық анықтамасы болуы шарт, – дейді қала әкімдігі.

Жүлде қоры 1 орын - 400 000 теңге, 2 орын - 300 000 теңге, 3 орын - 200 000 теңге.

 Қосымша ақпарат алу үшін:  WhatsApp тел.+7 705 500 6574 немесе velosport-vko@mail.ru.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив