KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Өскеменде «Үздік абаттандыру ауласы» байқауына өтінім қабылдау басталды

17.10.2022, 10:04 208

Өскемен қаласында «Үздік абаттандыру ауласы» номинациясы бойынша байқауға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші - іріктеу сайысы Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі филиалдарымен 12 қазаннан 11 қарашаға дейін жүргізіліп, кейін «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» шарттарының қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарау-байқауына қатысуға өтінімдер беріледі.

Екінші кезеңде фотоматериалдарды бағалау, қарау және қортындысы шығарылады.

Айта кету керек, бағалау барысында аула аймағының абаттандырылуы, қоқыс жәшіктері мен орындықтардың орналасуы,көгалдардыру немесе қолдан жасалған элементтердің болуы, ауланың санитарлық жағдайы, балалар және спорт алаңдарының санитарлық жағдайы, жарықтандыру, бейнебақытау камералары, ортақ мүлкін ұстауға арналған шығыстар бойынша берешектің болмауы бағаланады.

Абаттандырудың қосымша оригиналды элементтері болған жағдайда, баға 5 ұпайға ұлғаяды.

Байқау қорытындысы бойынша, 10 жеңімпаз анықталып, жергілікті бюджет есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ауладағы жолдарды жөндеу, ауладағы жолдарды кеңейту, ойын алаңдарын орнату, футбол және хоккей жәшіктерін орнату бағыттарының бірін таңдай алады. Ол жұмыстар жергілікті бюджет есебінен жүргізілетінін ескере кеткен жөн.

-        Қарау-байқаудың ұйымдастырушысы «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Байқауға қатысу мәселелері бойынша байланыс ақпарат телефон: 60-95-28; e-mail: otdel_jilich.inspek@mail.ru , - делінген ақпаратта. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив