Көшеде талып қалған бойжеткенге полицейлер көмек көрсетті – Өскемен

Көшеде келе жатып талып қалған бойжеткенге полиция қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскемендегі полиция басқармасының мәліметінше, оқиға 4 қазан күні болған. Эпилепсия ауруына шалдыққан қала тұрғыны Қазақстан көшесінде, «Пассаж» аялдамасы жақта, келе жатып талып құлаған. Куәгерлер дереу жедел-жәрдем шақырыпты. Алайда медициналық қызметкерлер оқиға орнына жеткенше, тәртіп сақшылары бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетіп үлгерді.
Оқи отырыңыз