KZ
Өскемен
-16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
527.23 544.05 5.05

Жармадағы Шалабай әкімі республикада "Үздік ауыл әкімі" деп танылды

2.10.2020, 12:06 196

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы аяқталды.

Үздік ауыл әкімі болып Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кенті әкімі Данияр Қоңырбаев анықталды.

Д. Қоңырбаев дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинап, 1 жүлделі орынға ие болды және өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жобасын сәтті қорғап шықты.

2-орынды 2 әкім иеленді. Олар: Ақмола облысы Целиноград ауданы Мәншүк ауылдық округінің әкімі Ғани Исаев және Ақтөбе облысы Мұғалждар ауданы Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр.

3-орынды да 2 әкім иеленді: Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық окрігінің әкімі Азамат Медетов және ШҚО Жарма ауданы Шалабай ауылдық округінің әкімі Жанар Есембаева.

Сондай-ақ, «Үздік әлеуметтік-экономикалық жоба» номинациясы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданы Абай ауылдық окрігінің әкімі Мұратбек Арыстамбековке, «Халыққа ашық әкім» номинациясы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Центральный ауылдық округінің әкімі Самат Мейрмановқа, «Үздік іскер-шаруа әкім» номинациясы Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиевке табысталды.

Республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жаилғанованың атынан грамоталармен, дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу