KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Үржар ауданында егіс алқабының көлемі артты

8.09.2020, 06:49 224

Үржарда егіс алқаптарының 67 пайызы орылып, орташа түсім 16,6 центнерді құрады. Бұл туралы тікелей эфирде баспасөз мәслихатын өткізген аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов хабарлады.

– Үржар ауданының экономикасы ауыл шаруашылығы саласына негізделгендіктен басты назарды осы бағытқа, соның ішінде өсімдік шаруашылығына аударамыз. Биыл ауыл шаруашылығы егістіктерінің көлемі 184 мың гектардан асып жығылады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 102 пайызға артық. Есепті кезеңде 40 мың гектардың 67 пайызы орылып, дәнді-дақылдардың орташа түсімі гектарына 16,6 центнерді құрады. Егістік жерлердің өнімділігін өсіру және құнарлылығын сақтау мақсатында аудандағы шаруашылық құрылымдары 2700 тонна минералды тыңайтқыштар мен 24 мың тонна гербицидтер пайдаланды, – деді Нұржан Тоқсеитов.

Жауапты тұлғаның айтуынша, аудан экономикасының дамуында екінші орында тұрған мал шаруашылығына да аз назар аударылмайтын көрінеді. Осы бағытта атқарылған бірқатар жұмыстардың арқасында өткен жылдан бері ет көлемі 2,3, құс жұмыртқасы 6,4, сауылған сүт 3 пайызға өсті. Сондай-ақ, мал басы да артып, ірі қара саны 6,3, жылқы 4,8, қой мен ешкі 2 пайызға көбейген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив