KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
509.75 594.67 6.46

Шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелде шот ашуға тыйым салынады

2.09.2020, 09:36 350

Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелде шот ашуға тыйым салынатынын айтты.

Министрдің айтуынша, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізіп жатыр. 

Жамаубаев министрліктің FATF бойынша (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы) жұмыс істейтінін айтты:

- мемлекеттік лауазымды тұлғаларға және квазимемлекеттік сектордағы тұлғаларға, олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттар ашуға тыйым салуды енгізу;

- салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтер алу құқығын заңнамалық бекіту.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу