KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 5 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Жолдау - қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін жақсарта түсуге бағытталған

1.09.2020, 11:45 237

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына  арнаған  Жолдаудың маңызы ерекше деп есептеймін.Себебі, Жолдау - қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін жақсарта түсуге  бағытталған.

Басты құжатта халықтың әл-ауқатын  арттыру да басымдық белгіленді. Бұл жолғы жолдауда да  өмір сүру деңгейінің артуына ерекше екпін салынды.  Оның ішінде білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері түз-түгелімен қамтылды. Ал ауыл шаруашылығы  саласына бойынша Жолдауда көрсетілген бірінші басымдық – ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес деді Президент. Сонымен қатар,бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерге де тоқталды. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы деді. Сондықтан, шалғайы ауданда, биылғы жылы  егіс алқаптарын мемлекеттік қолдаудың  нәтижесінде  68,5 мың гектарға жеткізген  өзім сияқты үлкен кіші шаруашылықтарға  осы Жолдау болашаққа  үлкен үміт береді  деп сенемін.  Сонымен қатар, Жолдауда вертикальді кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзал деп Президенттің айтқаны қуантады. Себебі, ауылдығы  жеке шаруашылықтарында мал өсіріп, жеміс жидек өңдіріп отырған ауыл тұрғындарына бул қосымша  табыс табуға өте үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз.Сонымен қатар,кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сатуды ұйымдастыру барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік беретіні белгілі. Президент Жолдауда  ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан екенің ерекше бағалады. Ал, табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады деп накты атап өтті. Сондықтан, субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны  ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет екеніне ерекше назар аударғаны да біз сиякты шаруалардың жұмыстарын одан ары дамытудың кезекті қолдауы деп есептеймін.  Президент Жолдауда  тағы бір маңызды мәселені көтеріп, қадап айтқаны - жеріміз шетелдіктерге сатылмайды деді. Жалпы, өзім агроном, шаруашылықтың басшысы ретінде -бұл өте дурыс шешім деп ойлаймын. Бір сөзбен, айтқанда осы Жолдау  ауылдықтарға  арнаған, мемлекеттің қолдауымен іске асыруға үлкен мүмкіндік береді деп есептеймін.

 

                                                                        Жиенбол Старшинайұлы

Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, «Найман» шаруа қожалығының басшысы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив