KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Бүгін елімізде 380 мың бала бірінші сыныпқа барады

1.09.2020, 03:29 128

Бүгін Қазақстанда және әлемнің бірқатар елінде Білім күні аталып өтеді. Коронавирус инфекциясына байланысты биылғы оқу жылына көп өзгеріс енгізілді. Осы орайда ҚазАқпарат агенттігі жаңа оқу жылында оқыту процесінің қалай өтетіні туралы шолу ұсынады.

Бүгін мектептерде жаңа оқу жылының басталуына арналған онлайн жиын өтеді. Балалар мектепке келмейді, онлайн линейкаға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, биыл 3,3 млн оқушы мектепке барады. Оның ішінде 380 мың бала – бірінші сыныпқа қабылданады.

Бұл ретте оқушылардың 80 пайызы немесе 2,6 млн бала қашықтан білім алады. Бастауыш сынып оқушыларының 15 пайызы немесе 530 мың баланың ата-аналары кезекші сыныпта оқытуға өтініш берген. Қалған 5 пайыз балалар шағын жинақты дәстүрлі форматта оқитын болады. Олардың саны - 202 мың бала.

Дереккөз: Қазақпарат

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив