KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Көшуге болмайды

1.09.2020, 03:54 255

Күрделі жағдайға қарамастан, бастауыш сыныптар ата-анасының қалауымен кезекші сыныптарда оқи алады. 1-4 сыныптарда білім алушылардың 60% жуығы дәстүрлі режимде білім алады. Биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді өзі қабылдайды.

Кезекші сыныптарда жұмыс істеуге жіберу үшін тиісті талап бар. Мұндай форматтағы жұмыс процесіне жүкті мұғалімдер, созылмалы аурулары бар жасы 65-тен асқан ұстаздар жіберілмейді. Яғни, мұндай педагогтар кезекші сыныпта жұмыс істей алмайды. Бұған қоса, педагогтар өз қалауы бойынша оффлайн немесе онлайн режимде жұмыс істей алады.

Кезекші сыныпта дәстүрлі форматта білім беру барысына бірнеше қатаң талап қойылады. Біріншіден үзіліс әртүрлі уақытта болады. Сабақтың басталуы да әртүрлі уақытта жүргізіледі. Екіншіден, қыркүйекте сабақ ұзақтығы 40 минутпен шектеледі.

Кезекші сыныптарда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Әдеттегідей бір кабинеттен екінші кабинетке көшуге болмайды. Күн сайын термометрия жүргізіледі. Жуу, желдету режимі бойынша тиісті талаптар қолданылады. Шағын жинақталған мектептерде дәстүрлі білім беру барысына да осы талаптар қойылып отыр. Бұған қоса, бір сыныпта 25-30 бала болатын болса, онда оларды 15 баладан аспайтын топқа бөлу ұйғарылды.

Айталық, сыныпта 30 оқушы бар. Бүгінгі жағдайда кезекші сыныпта оқыту барысында олар аталған сыныпты 15 баладан екі шағын топқа бөлуге міндетті. Соған орай педагогке жүктеме де артады. Дегенмен, педагог қосымша жұмысы үшін қосымша ақы да алады. Яғни, егер қазіргі уақытта онда 28 сағат болса, педагог барлық 28 сағат үшін жалақы алады.

Сондай-ақ, кезекші сыныпта оқитын балалар масканы өздері алып келуі қажет. Ал білім ұйымдары бюджет қаражаты есебінен педагогтерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.

Дереккөз: Қазақпарат

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу