KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Риддерде шағын көпірлер жөнделіп жатыр

22.08.2020, 05:05 274

Риддердегі Шаравка өзенінің көпірі жөнделді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаздың басында бұл көпір құлауға таяп тұрған еді.  Қала билігі тұрғындардың өтінішін ескере отырып, көпірдің тақтайларын ауыстырып, жақтауларын жаңадан салып, сырлап – толықтай жөндеп берді.

Жөндеу жұмыстары шілде айында басталған. 7 тамыз күні аяқталды. Бұл іске облыстық бюджеттен қаражат жұмсалды. Ал жөндеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізген – «АрсеналИнвес» кәсіпорыны, – дейді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Оралбеков.

Оның айтуынша, көпір құрылысының құны су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуге бөлінген 21 миллион теңгенің ішіне кіріп отыр. Сондай-ақ жақында Хариузовка өзенінің көпірі де жөнделген екен.

Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер көпірін жөндеуге байланысты 2021 жылға арналған бюджеттік өтінім дайындалып жатыр. Риддерде барлығы 13 жаяу жүргіншілер көпірі, 30 автокөлік және 8 теміржол көпірі бар. 2017 жылы 10 автокөлік көпіріне техникалық тексеру жүргізілген болатын. Сол кезде Үлбі арқылы өтетін көпір апатты жағдайда деп танылды. Қазір бұл нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жобаның құны – 81 миллион 184 мың теңге, – дейді Қайрат Оралбеков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив