KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Семейде Ертістің үстімен өтетін көпір апатты жағдайда тұр

28.04.2021, 10:32 97

Осыдан жарты ғасыр  бұрын салынған Ертіс өзенінің үстімен өтетін ескі көпір апатты жағдайда тұр. Әне-міне құлайын деп тұрған көпірді көрген қала тұрғындары бір-біріне дабыл қағып, ескі көпір арқылы өтпеуге кеңес беріп жатыр. 

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, былтыр жобалық сметалық құжат жасалып, қазір сараптамадан өтіп жатыр. Шілде айының 1-інен кейін қаражат мәселесі шешілсе, құрылыс биыл немесе келесі жылы басталып 3 жылда аяқталмақ. Жоба Семей қаласының 2025-жылға дейінгі кешенді даму жоспарына енген. 

- Ескі көпірдің қасынан жаңа көпір салынады, 4 жолақты. 2 жолағы бір жағына, екінші жолағы 2-ші жағына қарай жүруге арналған. Және де ескі көпірдің өзі жаяу жүргіншілер көпіріне айналады. Оның үстінен велиспедшілерге арналған жол салынады. Сондай ақ сол жағалаудан оң жағалауға жылу жүйесін тартамыз. Қазіргі құны 31 миллиард теңге көлемінде болып отыр. Ол бірақ экспертизадан кейін азаюы да мүмкін немесе осы қалпында қалуы да мүмкін, - қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов, 

Ал осыдан 20 жыл бұрын пайдалануға берілген аспалы көпірді қазір жапондық мамандар арнайы тексеруден өткізіп жатыр екен. Сол жұмыстың қорытындысы бойынша ол нысанда да жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. 
Еске салсақ, былтыр ескі көпірде жол апаты болып, оңға бұрылған көлік Ертіске қарай секіріп кетті. Бір адам қаза тауып, екіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Десе де, қазір де қауіп әлі сейіле қойған жоқ. Жаяу жүргіншілер де, көлік тізгіндеген жүргізушілер де көпірдің шетімен жүруге қорқады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив