Экологтар жағалауларды тазалады – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының белсенділері «Таза Қазақстан» акциясы аясында жағалауларды тазалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өткен аптада экологтар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілердің тобы Алакөл жағалауын, Шүлбі су қоймасы мен Ертіс жағасын тазалап, 80 текше метрге жуық қоқыс шығарды. Сондай-ақ мамандар аумақты абаттандыру ережелерін бұзған, рұқсат етілмеген жерде шомылған және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен – жалпы саны 10 адамды жауапкершілікке тартты.
– Аудан әкімдеріне қоқыс контейнерлер орнатып, от жағатын жерлерді белгілеп, тазалық жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу туралы ұсыныс жасалды. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды бақылауды күшейтуі тиіс, – деп мәлімеді облыстық экология департаменті.
Айта кетейік, рұқсат етілмеген қоқыс орындары туралы ақпаратты департаменттің WhatsApp-тағы 8-775-952-49-00 нөміріне фото немесе видео материал ретінде жолдауға болады