KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
485.04 525.98 5.04

Зауыт Семей ауруханасына су түсіріп берді

6.08.2020, 08:47 159

«Көкшетау минералды сулары» зауыты Семейдің инфекциялық ауруханасына 7,5 мың литр TURAN минералды суын жеткізді.

– Пандемия кезінде ауруханаларға табиғи су аса қажет болып жатыр. Мұны біле тұра біздің кәсіпорын үнсіз қала алмайды. Өз облысымыздың аумағы және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары ғана емес, көрші өңірлерге, басқа да қажетті аймақтарға өз өнімімізді жеткізіп беруге күш салып жатырмыз. Табиғи таза TURAN суы коронавирусты жеңуге септігін тигізеді деп сенеміз. Өйткені дәрігерлер TURAN суы ыстығы көтерілген адамның ағзасының улануын басуға көмектесетінін айтқан болатын, – дейді зауыт директоры Станислав Максимец.

Расында да, дәрігерлердің сөзінше, тұмау немесе вирус жұқтырғанда көбірек су ішкен дұрыс. Ыстығы көтерілген адам бір сағат сайын өзінің дене температурасына жақын болатындай жарты немесе бір стақан жылы су ұрттап тұруы керек.

Аталмыш зауыт наурыздан бастап бүгінге дейін республикадағы ауруханаларға жарты және бір литрлік 60 мың бөтелке су жеткізіп берген екен.

Міне, Семейге келген осы сусындарды қаладағы волонтер жастар ауруханаға түсіріп берді. Нақты айтсақ, олар Шәкәрім атындағы университетінің Enactus  командасы мен облыстық «Салауат» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Бұл еріктілер тобына Asia Waters компаниясының демеушілік ететінін де қоса кеткен абзал.

– Дәрігерлер мен науқастарға қажетті көмекке әрқашан дайынбыз. «Волонтерлік – бұл тегін жұмыс күші ғана емес, азаматтардың жауапкершілігі мен әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын екендігінің көрсеткіші», деп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз қоғамның жақсы жағына өзгеруін тілейтін және соған атсалысып жүрген жандармыз, – дейді волонтерлер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив