KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Зайсанда минералды су шығаратын зауыт құрылысы басталды

22.06.2020, 09:43 130

Зайсан ауданы, Дайыр ауылдық округінде "ARNNA MINERALS" ЖШС минералды ауыз су шығаратын зауыт құрылысын бастады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл жерде жұмыс істеген цехтің жұмысы тоқтап қалған болатын. Дегенмен таза артезиан суының денсаулыққа пайдалылығын ескеріп, өңірдегі байлық көзін аудан тұрғындары неге пайдаланбасқа деген мақсатпен инвестор тартылып, зауыттың жұмысы қайта жанданып жатыр.

- 1980 жылдан бері бұл жерден минералды су шығады. Бірақ тұрғындар жабайы негізде алып жүрген. Сосын бертін шағын цех ашылып, жұмысын бастап, кейін тоқтап қалды. Енді мына зауыт құрылысы бітсе, онда 27 млн литр газдалған артезиан сусынын, 9 млн литр тәтті сусын әзірлейді, - дейді Зайсан аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева.

Жобаға инвестор 1 млрд астам қаржы құйған. Жаңа зауыт іске қосылған соң, денсаулыққа пайдалы тіршілік нәрін республикаға, қала берді экспортқа шығармақ ниетте. Құрылыс биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив