KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскемен өңірінің бас имамы пандемия кезіндегі жерлеу рәсімінің ережесі туралы айтты

5.08.2020, 17:56 239

ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен өңірінің бас имамы Мұқатай Ермекқажы Қасболатұлы жерлеу рәсімі мен ас беру туралы сұраққа жауап берді.

Бас имамның айтуынша, жерлеу рәсімі барысында көп адам жиналуға болмайды.

-  Әрине, халық көңіл айтқысы келеді. Алайда қазіргі жағдайға байланысты телефон арқылы көңіл айтуға болады. Бұл пандемияның кеңінен таралмауына мүмкіндік береді. Жерлеу рәсіміне 10 адамнан артық қатысуға болмайды. Дұға жасауға 5 минут беріледі. Бұл кезде барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс,  - дейді бас имам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу