KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.89 528.74 5.29

ШҚО-дағы тау басындағы көлдер күзге дейін қауіпті

5.08.2020, 05:37 175

Шығыс Қазақстанда селден құтқару қызметінің мамандары мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері апта сайын тау басындағы көлдердің деңгейін бақылап жүр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өйткені бұлардан келетін қатер қыркүйек айының ортасына дейін созылады. Өлкедегі мұндай көлдердің саны 140-тан асады.

Мамандардың айтуынша, көбіне көлдер ернеуінен асқан жағдайда сол маңдағы жолдарды шайып кетуі ықтимал. Сондықтан 2500 метр биіктіктегі  табиғи түзілістің қалыпты деңгейін үнемі назарда ұстау керек. Қазір осы мақсатта 11 бақылау бекеті құрылды. Ондағы мамандар күз түсіп, су қатқанша көлдер туралы мәліметтерді жіті назарда ұстайтын болады. Өйткені тау басындағы көл арнасынан асқан жағдайда оның соңы селге немесе лай көшкініне де ұласуы әбден мүмкін.

- Бұл көлдердің  негізінен екі категориясы бар, біреуі мореналық көлдердің ағытылуы, толып кеткен жағдайда, екіншісі қатты жауған жауынның әсері болуы мүмкін. Енді бүгінгі барлық тексеріс нәтижесі мореналық көлдердің барлығы өз деңгейінде тұр, - дейді , «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы Омар Дүзгінбаев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив