KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Катонқарағай ауданын әуеден бақылап шықты

15.08.2019, 05:23 242

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Катонқарағай ауданының апаттық қауіпті аймақтарын әуеден бақылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аудандағы Сарымсақты, Бұқтырма, Өрел, Берел, Калмачиха, Чиндагатуй, Арасан сынды жеті өзен жыл сайын Катонқарағай, Аршаты, Өрел, Берел сынды ауылдарға қауіп төндіретіні белгілі.

– Әуеден бақылау барысында су алаптарының барлығы мезгілге сай екеніне көзіміз жетті. Тек тау басындағы қардың еруінен мореналық көлдері толып кетуі мүмкін. Десе де арнасынан аспайды, – деді Азаматтық қорғау саласындағы қауіп-қатерді азайту және бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алексей Штыкель.

Оның айтуынша, тікелей елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Тек аудан көлеміндегі маңызды жолды су алып кетуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу