KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
494.87 520.65 4.91

Риддерде сел қаупі бар 4 тау көлі тексерілді

29.08.2021, 11:53 225

15 қыркүйекте өңірде сел қаупі кезең аяқталады. Бір ай ішінде Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Ивановка жотасындағы сел қаупі бар 4 тау көліне батиметрия зерттеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметі.

15 қыркүйекте өңірде сел қаупі кезең аяқталады. "Шығыс Қазақстанның 6 ауданында (Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай және Үржар аудандары мен Риддер қаласы) "География институты" ЖШС әзірлеген табиғи және техногендік қауіптер мен төтенше жағдайлар тәуекелдерінің атласына сәйкес сел қаупі бар. Негізінен бұл Ивановский, Листвяга, Оңтүстік Алтай, Сауыр, Тарбағатай жоталарының биік таулы және орта таулы аймақтары, оларда 146 мұздық көл орналасқан.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚ филиалының және ШҚО ТЖД мамандары селден, көшкін қаупі бар кезеңінің қауіпсіз өтуі мақсатында және жоғарыда көрсетілген учаскелерге мониторингті күшейту жөнінде кешенді шаралар өткізді. Бір ай ішінде Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Ивановка жотасындағы 4 тау көліне батиметрия зерттеу жұмыстары жүргізілді.

"Бұл жолы аэровизуалды тексеруден басқа, көлдерді зерттеу үшін батиметриялық түсірілім қолданылды, бұл көлдердегі су деңгейі қалыпты шектерде, көлдерден су келу режимі кедергісіз, одан шыққан су еркін ағып жатқанын көрсетті. Сел жағдайы тұрақты. Әзірге көлдердің арнасынан шығу қаупі жоқ", - деді ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев. 

"Біріншіден, біз нысан туралы ең көп ақпарат жинаймыз: су қоймасы мен оған іргелес аумақ туралы қолда бар құжаттар. Параметрлерді мұқият зерттегеннен кейін батиметрия зерттеулер көлдер мен жасанды түрде жасалған су қоймаларының үлкен учаскелерін егжей-тегжейлі зерттеу үшін жүргізіледі. Түсірілім нәтижесі су айдыны мен оған іргелес жатқан жер бетін көрсете отырып, сызбалар жасау үшін негіз ретінде пайдаланылады", - деп жалғастырды Омар Дүзгімбаев.

Өңірде барлығы 12 бақылау бекеті жұмыс істейді. Қауіпті учаскелерде 64 ақпараттық-ескерту тақта қойылған, оның ішінде 46 сел қаупі бар және 18 көшкін қаупі бар учаскеле қамтылды.

Бұрын жүргізілген екі аэровизуалды зерттеу нәтижесі бойынша зерттелетін өзендердің бассейндеріндегі су деңгейі маусымға сәйкес келетіні анықталды, тау жоталарындағы қар жамылғысы кей жерлерде байқалады. Жаңа эрозиялық ойыстар мен көшкін құбылыстары анықталған жоқ. Мұз бен қардан мұздық көлдер толық ашылды. Көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу талап етілмейді.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ филиалының және ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сел қаупі бар кезең ресми жабылғанға дейін учаскелерді бақылауды жалғастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу