KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Сел қаупі бар учаскелерді тікұшақпен бақылап жүр - ШҚО

1.06.2021, 14:53 231

Жыл сайын ШҚО ТЖД құтқарушылары мен Қазселденқорғау ШҚ филиалының мамандары сел қаупі бар учаскелерге бақылау жүргізу үшін үш мың метр биіктікке көтеріледі. Мәселен, жақында Үржар және Зайсан аудандарының аумағында орналасқан 18 мұздақты көліне, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы сел жағдайына жүргізілген бақылау көлдердің негізінен ашылғанын, тауларда қар қоры қауіп төндірмейтінін, жылымық біртіндеп жалғасып жатқанын көрсетті.

Сонымен қатар Қазселденқорғау мамандары тексеруді атпен және жаяу жүру тәсілін де пайдаланады, әрбір учаскеде батиметриялық жұмыстар жүргізіледі, бұл сел қаупі бар жағдайларды егжей-тегжейлі қадағалауға мүмкіндік береді.

- Ең қауіпті кезең маусым айы болып табылады, жазға қарай мұздақты көлдердегі су деңгейі көтеріледі, серпіліс қаупі бар, сондықтан біздің міндетіміз осы сәтті уақытында қадағалау" - деп түсіндірді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Егер көлдер толып кетсе, оларды арнайы инженерлік шешімдер арқылы босату туралы шешім қабылданды.

«Жалпы, бүгінгі таңда мұздақты көлдер қысқы режимнен шыққанын атапөту керек. Қазір олар біртіндеп толтырылуда, су деңгейі ең төменгі деңгейде. Бұл соңғы аэровизуалды зерттеу нәтижелері бойынша анықталды. Жоғарыда аталған тау жоталарындағы қар жамылғысы кей жерлерде байқалады. Жаңа эрозиялық ойыстар мен көшкін құбылыстары анықталған жоқ. Мұздақты көлдер толық қар мен мұздан ашылған. Көлдердің әлсіз жинақталуы байқалады. Жылғалардан еркін ағуда. Мұздақты көлдерде негізгі жартастардан тұратын тұрақты су ұстайтын жоталар бар", - деп атап өтті Алексей Штыкель.

20210531_135856.jpg

- Зерттеу барысында көшкін мен сел ағындарының іздері анықталған жоқ. Сонымен қатар, тексеру кезінде сел және көшкін жағдайлары тұрақты, осы көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу талап етілмейді. Зерттелетін мұздақты көлдер елді мекендерге, шаруашылық жүргізу және инфрақұрылым объектілеріне қауіп төндірмейді. Өзен бассейндерінің жағдайын одан әрі арнайы 13 гидробекеттің көмегімен қадағалайтын боламыз", - деп атап өтті Қазселденқорғау ШҚО филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу