ШҚО-да 19 жастағы жігіт суға кетті
Кеше Горная Ульбинка ауылындағы Үлбі өзеніне 2001 жылы туған жас жігіт суға кетті.
ШҚО ТЖ бойынша департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шақыртуға барып, суға батып кеткен адамның денесін алып шықты.
Жақын жерде болған куәгерлер суға батып бара жатқан адамды құтқаруға тырысқан, алайда нәтижесіз болды. Құтқарушылар жігіттің денесін жағадан 20 метр қашықтықта 4,5 м тереңдікте тапты.
Төтенше жағдайлар депаратаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарына тек белгіленген жерлерде ғана шомылуға болатынын тағы да ескертеді.
Жалпы облыста жаздың басында 20 адам суға кетті, оның 7-еуі бала.