Алакөлде 56 жастағы ер адам суға кетті
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Суға кеткен адам туралы құтқару қызметіне жергілікті учаскелік инспектор хабар берген. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар ер адам шомылған аумақты толық қарап шығып, оның денесін 15 метр тереңдікте тауып алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
56 жастағы ер адамның денесі бір сағат ішінде жағадан 30 метр қашықтықта, 15 метр тереңдікте табылып отыр.
Құтқарушылар демалушыларды арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуды сан рет ескерткенімен, суға кеткендердің саны күн санап артуда.
Айта кетсек, суға түсу маусымы басталғалы бері ШҚО-да 24 адам суға кеткен. Олардың 90%-ы - жабдықталмаған жағажайларда мас күйінде шомылғандар.