Мектеп оқушыларына арналған жаңа тариф пайда болады
Қазақстанда ұялы байланыс операторларында оқушыларға арналған тариф пайда болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
Аталмыш тариф карантин кезінде қашықтықтан оқытуға арналған. Онда оқушы мен мұғалім арасында тегін қоңырау шалу, Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру ресурстарына қол жеткізу қарастырылған.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда республикада 4 649 елді мекен ғаламтор желісімен қамтылған.