Өскемен әкімдігі ауруханаларға 50 автокөлік бөлді
Өскемен қаласының әкімдігі кәсіпорындармен бірлесіп денсаулық сақтау ұйымдарына 50 автокөлік бөліп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Облыс орталығындағы ауруханаларында коронавирустық инфекция жұқтырған азаматтарға арналған қосымша провизорлық орталықтар ашылуда.
- Орталықтардың жұмысын тексердім. Атап айтсақ, облыстық оңалту орталығында 130 орындық стационар жабдықталды.“Үлбі” әлеуметтік орталығында 118 орындық стационар құрылды. Мұндағы 18 орын ауруы асқынған науқастарға арналаған, - дейді шаһар басшысы.
Сонымен қатар, емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда көлік жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында қалалық әкімдік кәсіпорындармен бірлесіп 50 автокөлік бөлген екен.