KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Коронавирус: ШҚО-да 9 адам жансақтау бөлімінде, 5-еуінің жағдайы ауыр

25.06.2020, 07:05 229

Қазір ШҚО-да 8 жұқпалы аурухана жұмыс істеп тұр, онда 188 науқас жатқызылған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- 9 науқас жансақтау бөлімінде, оның 5-еуінің жағдайы өте ауыр, олар жасанды тыныс алу аппараттарында жатыр. 285 төсектік 13 провизорлық стационар бар, онда 7 науқас жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Карантиндік төсектерді есепке алғанда, барлығы 449 науқас арнайы ауруханаларда емделуде, - дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.

Айта кетейік, 3 күн бұрын COVID-19 жұқтырған науқастар саны көбейіп, ауруханадағы орынның 86%-ы толық болған еді. Енді ауруханалардың жұмыс жүктемесі мен тәуліктік емделу қажеттілігін ескере отырып, қосымша стационарлар әзірленіпті.

- Өскеменде провизорлық стационар базасынжа 100 төсек орын, Семейде хоспис базасында 70 төсек әзірленді. Олар реанимациялық және желдету құрылғыларымен қоса барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Оған басқа ауруханалардың медициналық қызметкерлері, реаниматолог, терапевт дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар жұмылдырылады, - деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу