KZ
Өскемен
-21°
туман жел 2 м/с, СШ
508.91 594.36 6.33

«Қазцинк» Өскемендегі ауруханаларға демеушілік көмек көрсетті

13.07.2020, 13:14 615

«Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Өскемендегі ауруханаларға  90 оттегі концентраторын алуға демеушілік көмек көрсетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы қала басшысы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Қазцинк компаниясына демеушілік көмек көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Бұл пандемиямен күресте маңызды, қажетті шара, - дейді шаһар басшысы.

90 оттегі концентраторының 30-ы бірінші қалалық ауруханаға, 60-ы – төртінші қалалық ауруханаға беріліп отыр. Бұл науқастардың тез айығып шығуына септігін тигізетін аса қажет аппарат екенін айта кеткен жөн.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу