KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 1 м/с, В
492.17 522.39 5

ШҚО-да қосымша екі провизорлық стационар ашылады

15.07.2020, 03:21 123

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артып келе жатқаны белгілі. Осыған байланысты облыс орталығындағы екі бірдей медициналық-әлеуметтік мекеме коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін дайындалып жатыр, деп хабарлайды  Алтайньюс тілшісі.

Провизорлық аурухананың қызметін Шығыс Қазақстан облыстық оңалту орталығы және «Үлбі – халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» атқарады. Екі мекеме де карантинге байланысты өз жұмысын уақытша тоқтатып, қазірше бос тұр.

– Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша біз қосымша провизорлық орындарды дайындауды қолға алдық. Қазіргі таңда Өскемен қаласында инфекция жұқтырғандарды қабылдайтын 600 орын және провизорлық стационар үшін 555 орын дайындалды. ашылды. Сондай-ақ облыс орталығында 86 ИВЛ (өкпені жасанды желдету)  аппараты, 105 оттегі концентраторы және 8 компьютерлік томограф бар. Жоғарыда аталған қосымша екі стационарды дайындау жұмыстары қазіргі уақытта аяқталды, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу