KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да жедел жәрдем қызметіне студент-дәрігерлер тартылады

14.07.2020, 11:35 173

ШҚО-да дәрігерлердің мобильді топтарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жуықта облыстың барлық қалаларында құрамына студент - дәрігерлер кіретін бригадалар жұмысын бастайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақта барлығы 269 мобильді топ жұмыс істейді, оның ішінде 178 топ – облыс аудандарында болса, қалғаны - Өскемен мен Семейде.

- "Мен қазір жедел жәрдем көлігін ұзақ күтуге тура келеді деген халықтың барлық шағымдарымен келісемін. Біздің дәрігерлер қандай жүктемеге тап болғанын бәріміз түсінеміз. Сондықтан оларды босату туралы шешім қабылданды. Бұған мобильдік бригадалар көмектеседі", - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Облыс басшысы медицинада белгілі "Алтын сағат ережесі" термині қалыптасқан жағдайда қолайлы екенін атап өтті.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу