KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да тағы бір ауданда карантин режимі күшейтілді

8.07.2020, 15:00 113

ШҚО-ның Бесқарағай ауданында карантин режимі күшейтілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов бүгін өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Айта кетсек, бірер күн бұрын облыста тағы екі ауданда қатаң карантин шаралары енгізілген болатын - Аягөз және Жарма аудандарында.

Аталмыш үш ауданда да коронавирус жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді. Қазір Аягөзде – 179, Жармада – 123 коронавирус жағдайы тіркелген.

Осыған байланысты аудан орталықтарында дәмхана, мейрамхана, жазғы алаңдап, асханалар, сауда үйлері, жабық базарлар, қоғамдық монша, сұлулық салондарының жұмыстары уақытша тоқтатылды.

- Бұл шаралар міндетті түрде қабылдануға тиіс. Аудан орталықтарының эпидемия орталықтарына айналуына жол бере алмаймыз. Одан кейінгі шаралар эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Аудандардағы шектеу шараларын күшейтуге қатысты шешімді аудандық санитариялық дәрігерлер қабылдайды, - деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив