1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
1 шілдеден бастап Қазақстанда темекінің бағасы 20 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Фильтрлі және фильтрсіз темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 440 теңгені құрайтын болады. Бұған дейін ең арзан темекі 420 теңгеден саудаланған еді.
1 қаңтардан бастап темекі бағасы тағы 20 теңгеге қымбаттап, ең арзан темекінің бағасы 460 теңгені құрайды.
Темекіге арналған бөлшек сауда бағалары ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі "Фильтрлі және фильтрсіз темекілердің бөлшек саудадағы бағаларын белгілеу туралы" қаулысымен бекітілгенін еске саламыз.
Оқи отырыңыз