KZ
Өскемен
-29°
плотный туман жел 1 м/с, В
511.18 530.6 5.28

Өскеменде шектеу шараларын күшейтуге байланысты жиын өтті

24.06.2020, 04:59 66

Кеше Өскеменде карантинді күшейтуге байланысты жиын өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс орталығындағы қоғамдық кеңес қауіпті вирустың таралмауына қатысты мәселелерді талқыға салды. Айталық, дәл қазіргі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, қоғамдық көліктердің жұмысын шектеу ұсынылды. Мұндай қатаң шаралар жақында ғана Семей қаласына енгізілгені белгілі. Онда автобустар жұмыс күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жүреді, ал демалыс күні қоғамдық көліктер мүлдем қатынамайды.

Жиынға қатысушылар осыған байланысты қызметкерлерді жұмыс орнына апарып-әкелу мәселесін шешу керектігін айтты. Өйткені мекемелердің барлығы бірдей қашықтан жұмыс істеуге көше алмайды.

Ал облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі Өскемен қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Бірақ қаулының жарыққа қашан шығатыны белгісіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу