KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Шекараны дронмен күзетуі мүмкін

17.06.2020, 10:44 169

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі үшін ұшақ типті 15 және квадрокоптер типті 90 пилотсыз ұшу аппаратын сатып алу жоспарланып отыр.

Қазақстанда мемлекеттік шекараны ұшу аппараттары арқылы күзетуге рұқсат берілуі мүмкін. Мәжіліс тиісті өзгерістер енгізілген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген.

Мәжілісмен Құдайберген Ержанның айтуынша, заң жобасының мақсаты – мемлекеттік шекара туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

- Заң жобасында "Қазақстанның мемлекеттік шекарасы туралы" заңнамасын бұзудың ықтимал тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нормалар ұсынылады. Қазақстан аумағын транзит түрде теміржол көлігімен кесіп өткен кезде, жолаушыларды түсіріп-отырғызуды, жүктер мен тауарларды түсіріп-тиеуді жүзеге асырмайтын жағдайда ғана шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлері жүргізілмейді, - деді Ержан.

Заң жобасында шекара қызметіне мемлекеттік шекараны күзету үшін пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалануға рұқсат беру қарастырылған.

"Шекара қызметі пилотсыз ұшу аппараттарын жағалауды, шекарада құқық бұзушыларды, көліктерді бақылау және анықтау үшін қолданады. Мысалы, наряд мемлекеттік шекараны күзетуде пилотсыз ұшу аппараттарын адам немесе көлік бара алмайтын жерлерде, таулы асулар, аңғарлар мен тау жолдарын бақылауда пайдаланады", - деді мәжілісмен.

Айтуынша, пилотсыз ұшу аппараттарын басқару үшін білікті мамандар Ресейде даярланды. Оқу процесі одан әрі жалғасын табады.

Депутат шекара қызметі үшін ұшақ типті 15 және квадрокоптер типті 90 пилотсыз ұшу аппаратын сатып алу жоспарланып отырғанын айтты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив