KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қазақстан жеріне заңсыз өткендер. Шекара қызметінің директоры түсініктеме берді

16.10.2019, 11:20 177

ҰҚК Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов шекарадан заңсыз өтіп кеттік деген, этникалық қазақтар жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Жуықта екі Қытай азаматының Қазақстан шекарасынан заңсыз өтіп кеткені жайлы ақпарат тараған болатын.

– Мемлекеттік шекарадан өту деген оңай емес. Мен мысалы, олардың өткендеріне күмәнмен қараймын. Себебі екеуі де 1-ші қазан күні өттік дейді, бірақ 1-ші қазан Қытайда – білім күні. Ал мереке кездерінде шекарадағы жұмыс күшейеді, – дейді Дархан Ділманов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта мамандар тергеу жұмыстарын жүргізуде. Қос азамат Қазақстанға Тарбағатай ауданы арқылы өткендерін айтқан.

– Бұдан әрі заң бойынша жұмыс істейтін боламыз. Олар қазір Зайсан ауданында, мамандар олардың нақты қай жерден өткенін анықтауы керек. Мемлекеттік шекараны бұзушылар үшін заңда арнайы бап қарастырылған, - дейді ол.

Сондай-ақ Ділмановтың айтуынша шекараны кесіп өттік дегендердің бірі осыған дейін Қазақстан-Қытай шекарасында мал ұрлағаны үшін ұсталған. 2006 жылы ол Қытай өкілдеріне беріліпті. Шекара қызметіндегілер оларды босқын емес деп отыр. Өйткені босқындар шекарадан ресми түрде өтеді.

Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі мамандарының айтуынша, аталған факті негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу