ШҚО жасөспірімдер қылмысы бойынша 4-сатыда
Ranking.kz мамандары жасөспірімдер арасындағы қылмыстарға талдау жасады. Биылғы 4 айда елімізде кәмелетке толмаған 655 адам қылмысы үшін жауапқа тартылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс былтырғы қаңтар-сәуірге қарағанда 31,3% азайған. Биыл қылмыс жасағандардың 82,6%-і 16-17, 17,4%-і 14-15 жаста. Жауапқа тартылғандардың 60-сы – қыз бала.
655 жасөспірімнің 221-і еш жерде оқымайды, еш жерде жұмыс істемейді. 78-і қылмысты ересектермен бірге жасаған.
Қылмыс жасаған жасөспірімдер саны Алматы облысында ең көп тіркеліп отыр: 63, былтырғы 4 айда 88 болған. Бұдан кейінгі орындарда Түркістан облысы (62, былтыр 90 болған), Шымкент (58, былтыр 63 болған), ШҚО (57, былтыр 88 болған) тұр.