Тоқаев депутат Бекболат Тілеухан туралы жазба жариялады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға коронавирустан тезірек сауығып шығуын тіледі.
"Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын", - деп жазды президент Twitter-де.
Бекболат Тілеухан коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы парламент депутаты болды. Ол өзінің Instagram парақшасында алдымен үйде емделгенін, кейін ауруханаға түскенін, қазір дәрігерлердің бақылауында екенін жазды.
Оқи отырыңыз
Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырып алды«Ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуі тиіс». Тоқаев пандемия туралыБүгін Тоқаев карантинге қатысты жаңа мәлімдеме жасайдыПрезидент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтадыСайлау шын мәнінде демократия талаптарына сай өтті - Қасым-Жомарт Тоқаев