Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің кәсібилік, сенімділік және берген сертке адалдықтарыңыз адамдардың көңілінде әмәнда үміт отын жағады. Сіздерге табысты еңбек, қажырлы қайрат тілеймін!», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Айтайық, бұл мереке маусым айының үшінші жексенбісі күні 1998 жылдан бері аталып өтіп келеді.
Оқи отырыңыз