KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырып алды

12.06.2020, 04:04 99

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Бұл жайында депутат өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасына жазып отыр.

«Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін» деп жазады Бекболат Тілеухан.

Оның айтуынша, қазір індеттің жұғу жылдамдығы жоғарылап кеткен.

«Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді» деп ескертеді Бекболат Тілеухан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу