KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, В
505.71 591.43 6.65

Балалар лагері қашан ашылады?

1.06.2020, 07:06 1 149

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балалар лагері қашан ашылатынын айтты, Altaynews тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Биылғы жаз 3 миллион 57 мың мектеп оқушысы үшін өзгеше болмақ. Себебі биылғы жазғы демалысты ұйымдастырудың өзгешелегі бар. Балаларды қорғау комитеті негізгі үш бағытты атады. Бірінші бағыт - лагерь жұмысын ұйымдастыру. Екінші бағыт - белгілі бір санаттағы балаларға лагерь ұйымдастыру. Үшінші бағыт - қауіпсіздікпен қамтамасыз ету", - деді БҒМ Балаларды қорғау комитетінің төрайымы Юлия Овечкина.

Оның айтуынша, балаларды сауықтыру лагері мен кешендерінің ашылу мәселесін жергілікті атқарушы органдар шешеді.

"Балалар лагері 8 маусымнан бастап 2 өңірде, 15 маусымнан бастап 12 өңірде, 20 маусымнан бастап тағы 2 өңірде ашылады. Алматы қаласынан тыс аумақтардағы лагерьлердің жұмысын тоқтату туралы шешім шықты. Болжам бойынша, 12 154 лагерьдің 65 пайызы жұмыс істейді", - деді ол.

 

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу