Өскемендегі «Колхозканың» спирті Риддерде де сатылып жүр
Өскемендегі атышулы «Колхозканың» спирті Риддер қаласында да саудаланып жүр екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
23 мамырда полицейлер рейд жүргізу барысында Риддердегі Гоголь көшесінің бойындағы үйлердің бірінің пәтерінде этил спирті сатылып жатқанын анықтады. Пәтерден көлемі бес литрлік 6 пластик шөлмек спирт табылды. Әр жарты литрі 500 теңгеден саудаланған. Анықталғандай, спирт Өскеменнің Колхозная көшесінен әкелінген екен.
Қазірті таңда сот-сараптама зерттеулері тайындалды. Оның нәтижесі бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, сотқа жіберіледі.
Оқи отырыңыз