Өскеменде қауіпті ойыншықтар сатылуда
Қоғамдық денсаулықты қорғау қызметінің мамандары Өскемендегі сауда орындарынан қауіпті ойыншықтарды анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сәуір айында облыс орталығындағы сауда орындарында санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін ойыншықтар анықталып отыр. Ойыншықтардың екі түрінен (Қытайда жасалған «Шрек» және «Пони») формальдегид және изопропил спирті табылған.
Қазір сәкес емес өнімдерді сатылымнан алу және тауардың импорттаушысы анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.