KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

ШҚО-да 746 оқушы мектепті «Алтын белгімен» аяқтады

25.05.2020, 10:51 107

Шығыс Қазақстан облысында 746 оқушы мектепті «Алтын белгімен» аяқтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биыл аймақта 8204 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 746 түлек «Алтын белгі» иегері атанса,  447 түлек үздік аттестатқа ие болды. Осы ретте облыс әкімі  Даниал Ахметов оқушыларды кезекті оқу жылының аяқталуымен әлеуметтік желі арқылы құттықтады.

«Қымбатты түлектерді, құрметті ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Ел тарихында алғаш рет карантин жағдайында онлайн форматта соңғы қоңырау мерекесін өткіздік. Осыған қарамастан оқуда озаттық танытқан түлектерге алғыс айтамын», - деп жазды аймақ басшысы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив