Өскеменде 32 кәсіпкерлік нысандар санитарлық талапты бұзды
Өскемен қаласында шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін жұмыс істеуге рұқсат алған кәсіпкерлік нысандар санитарлық талаптарды бұзуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Рейд жүргізген арнайы топ 264 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізіп, 32 нысаннан 60 тәртіп бұзушылықты анықтаған:
санитариялық-дезинфекциялық режимнің бұзылуы;
келушілер арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы;
маскалық режимнің бұзылуы және жеке қорғану құралдарының болмауы;
қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істеп кеткен;
тамақ өнімдерін дұрыс сақталмауы.