KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Кәсіпкерлік нысандар санитарлық талапқа сай жұмыс істейді – Глубокое ауданы

26.05.2020, 03:59 193

Глубокое ауданындағы кәсіпкерлік нысандар шектеу шаралары мен санитарлық талаптарға сай қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыста шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін аудандағы ірі сауда нысандары мен қоғамдық тамақтану пунктілері, тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кіріскен болатын. Әлбетте бұл ретте санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Облыс орталығынан шыққан арнайы мониторингтік топ кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарға тексеру жүргізді.

 Рейд барысында арнайы топ Быструха ауылындағы 9 шағын бизнес нысанын, Белоусовкадағы 17 нысанды, Прогресс ауылындағы 11 нысанды, Предгорное ауылындағы 12 нысанды және Глубокое кентіндегі 21 нысанды тексерді.

«Барлық санитарлық-гигиеналық шаралар сақталған. Қызметкерлер медициналық маскамен және қолғаппен жұмыс істеуде. Нысандар дезинфекциялық құралдармен жабыдықталған. Сондай-ақ сантиралық жұмыстар жасалып тұрады», – деген қорытындыға келді арнайы мониторингтік топ.   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив