KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

4 мамырда жоғалған 19 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды

15.05.2020, 10:55 406

Семейде 4 мамырдан бері іздестірілген Айым Қамзаеваның денесі өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оны іздестіруге 500-ден астам полиция қызметкері мен сүңгуірлер жұмылдырылды.

- Бүгін Семейде жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында Бобровка саяжай алабы маңында өзен жағасында қыздың мәйіті табылды. Тергеу және тану әрекеттерінің нәтижесінде, мәйіттің хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 2000 жылғы қыз екені анықталды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасады, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыздың денесінен әзірге көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері анықталмапты. Қыздың денесін Lider.kz еріктілері тапты.

19 жастағы Айым Қамзаеваны іздестіру жұмысы 4 мамырда басталғанын еске салайық. Ол үйінен шығып кеткен соң жақындарымен байланысқа шықпаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу