ШҚО-да «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр
1 қазаннан бастап облыста «Учаске» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ЖПІШ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар көріністерінің алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ заңсыз көші-қонның жолын кесуге және шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібі қағидаларын бұзушылықтарын анықтауға бағытталған.
Бір ай бойы, 1 қарашаға дейін облыс аумағында тәртіп сақшылары тұратын адамдарды есепке алудың электрондық журналына мәліметтерді енгізе отырып, әкімшілік учаскелердегі пәтерлер мен аулаларға тексеру жүргізілетін болады. Жұмыс жүргізуге жергілікті полиция қызметінің, көші-қон, криминалдық, патрульдік полицияның және басқа да жедел қызметтердің күштері жұмылдырылған.
- Жеке тексеру тұрғылықты жері бойынша ІІО профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған адамдарға қатысты болады. Сондай-ақ, осы кезеңде азаматтық қарудың жеке иелерін тексеру, базарларды, сауда үйлерін және өзге де сауда орындарын тексеру жүзеге асырылатын болады. Облыс тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараны өткізуге байланысты уақытша қолайсыздықтар туралы түсіністікпен қарауды және полиция қызметкерлеріне ықпал етуді сұраймыз. Барлық күдікті адамдар туралы «102» жедел арнасына дереу хабарлау қажет, - деп атап өтті Думан Қожахметов.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері, атап айтқанда, 3 964 пәтер мен 3644 жеке үйді қоса алғанда, 7 608 тұрғын үй массивтерін, сондай-ақ 170 шаруа қожалығын тексерді.
ҚР Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 8 шетелдік азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал шамамен 40 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқандары үшін жауапкершілікке тартылды.
«Учаске» ЖПІШ 1 қарашаға дейін жалғасатынын естеріңізге саламыз.

Оқи отырыңыз