KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

6.05.2020, 22:15 199

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өткізген онлайн брифинг барысында айтылды.
Қайтыс болған науқас – Алматы қаласының 68 жастағы тұрғыны. Ел аумағында вирустан көз жұмғандарың саны осымен 30 адамға жетіп отыр.

Министрліктің ақпараты бойынша, қазір 25 адамның жағдайы ауыр екен. Оның ішінде 6 адам өте ауыр жағдайда, 7 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Вирустан жазылып шыққандар саны – 1279 адам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу