KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды

15.09.2021, 14:29 173

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды, 350 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 

ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 64 адам коронавирустан, ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 13 пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша 75 685 адам коронавирус инфекциясынан (67 269 КВИ+ және 8 416 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  14 335 пациент стационарда,
  •  61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 136 адамның жағдайы ауыр,
  • 350 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 198 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу